«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

Бүгін, «Зейнеткерлерге жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» орталығында арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік шара өтті.
Біз қарттарымызға құрмет көрсетіп, құттықтаумен бірге, ардагерлерімізге жан-жақты қолдау мен ыстық ықыласқа толы алғыс сезімін білдіріп, яғни олар өздеріне деген шынайы қамқорлықты сезінуі қажет. Қазақ халқының ұлттық менталитетінің жарқын белгісі қашанда үлкенге – құрмет, кішіге ізет көрсету десек, бұл игі дәстүр лайым жалғасын таба берсін. Ардагерлерімізді ардақтап, оларды қашанда, қамқорлық аясынан тыс қалдырмау. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.