Кітапхана тарихы
Кітапхананың тарихы
Сыр өңірі - қазақ әдебиеті мен мәдениетінде айрықша орын алған шығармаларының негізі қаланған қасиетті өңір.
Елу жылдық тарихы бар Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана мекемесі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету және көз мүгедектеріне кітапханалық қызметті жақсарту мақсатында қызмет жасап келеді.
Кітапхана Қазақ соқырлар қоғамының «Қызыл бұрышында» қоғамдық негізінде ашылып, 1969 жылы Мәдениет Министрлігінің 12 ақпандағы № 29 бұйрығымен облыс көлеміндегі көз мүгедектеріне кітапханалық қызмет көрсету мақсатында жұмыс жасап келеді.
Кітапхананы алғаш рет кітапхана ісіне еңбегі сіңген І топтағы көз мүгедегі Мәлкаждар Бояубаев басқарған.
Кітапхананың қалыптасуы мен даму кезеңдері
1969 жыл – Кітапхананың құрылуы.
1971-72 жылдар аралығы кітапханаға арнайы магнитофондар мен дыбысты кітаптар кітапхана қорына келіп түсті.
1973 жылы қайырымдылық қоры арқылы кітапхана қоры толықтырылды.
1981 жылдан бастан Қазақ соқырлар қоғамының Орталық басқармасының қолдауымен кітапханаға кітаптар алуға қаржы бөлінді.
1984 жылы кітапханада Айман Асанова қызметке келіп, кітапхана жұмысының жүруіне біраз еңбек етті.
1985 жылы Кітапхана үнтаспадағы «Астра», «Протон», «Легенда» тифломагнитофондарымен қамтамасыз етіле бастады.
1986 жылы кітапхананы І топтағы көз мүгедегі Х.Амруллин басқарды.
1986 жылдан бастап жыл сайын кітапхана қорын толықтыру мақсатында қаржы бөлініп жаңадан кітаптар алынып, кітапхана қоры толықтырылды.
2000-2002 жылдар аралығында кітапхана директоры Мәдединова Бекзия Өтепқызының бастауымен «Сырласу жастар клубы», «Балбұлақ» балалар клубы ашылды. Әртүрлі бағытта кайырымдылық шаралар өткізілді.
2002-2006 жылдары Баян Үмбетова басшылық жасап, кітапхана арнайы жеңіл көлікпен қамтамасыз етілді.
2005 жылы тифлокомпьютер алынып көз мүгедектерінің нүктелі-бедерлі жазып үйренуіне мүмкіндік туды.
2006-2010 жылдары кітапхананы Г.Жұматаева басқарды.
2010-2016 жылдары кітапханаға Р.Алдоңғарова басшылық жасап, мәдениет басқармасы мен облыс әкімдігінің қолдауымен кітапханаға жайлы да жылы, барлық жиһаздармен жабдықталған екі қабатты ғимарат пайдалануға берілді.
2010 жылы Кітапхана «АИС СБ РК» автоматтандырылған ақпараттық жүйе бағдарламасы енгізілді. «SARA CE», оқу машинасы, «ONIX» ұлғайтқыш құралы,
2012 жылы Бедерлі-нүктелі қаріп түрінде кітаптарды шығару үшін Брайльдық принтері алынып, бедерлі-нүктелі қағаздар шығарып үйренулеріне мүмкіндік жасалып, оқырмандардың компьтерлік сауаттылықтарына жол ашылды.
2014 жылы Арал, Қазалы аудандарына көз мүгедектеріне қызмет жасау мақсатында екі штат бөлінді.
2015 жылы №5 көзі нашар көретін балаларға арналған мектеп интернатымен
№ 7,8 мектеп, колледж студенттерімен тығыз байланыста.
2016-2019 жылдары Нұрлан Бақтияров қызмет атқарды.
2017 жылдың мамыр айында кітапхана жанынан жергілікті ақын, жазушылардың шығармаларын насихаттау және кітаптарды цифрландыру мақсатында дыбыс-жазу студиясы ашылып, қажетті құрал-жабдықтармен жасақталды.
2017 жылы «Орда Зағип» қоғамдық бірлестігімен жұмыс жасау үшін келісім шарт жасалды.
2018 жылы паралимпиада комитетінің, Қызылорда облысы филиалымен тоғызқұмалақ үйірмесімен бірлесіп жұмыс жасап, жарыстарға дайындау мақсатында келісім шарт жасалып, тұрақты жұмыс жасап келеді.
2018 жылы «Кедергісіз кеңістік» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында арнайы лазерлі принтер, арнайы тифлокомпьютер, Брайль жүйесін өздігімен үйренушілерге арналған дыбыстандырылған арнайы құрылғы, өздігімен қозғала алмайтындарға арба, едендерге арнайы тактильді пиктограммалар, «SHERPA n 902» шынжыртабанды пандус, «SMART» жазу машинасы, бағыт беретін дыбысбергіш құралдар, қабырғаларға арнайы сілтеме тақтайшалар, құлағы естімейтін азаматтарға жүгіртпелі жол арқылы ақпарат беріп тұратын құрылғы орнатылды. Санитарлық бөлмелер мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайландырылып жасалынды.
2018 жылы мүмкіндігі шектеулі жандардың компьтерлік сауаттылығын арттыру және тифлоқұралдарды пайдалану үшін жұмыспен қамту орталығы арқылы арнайы маман алынып, мүгедектердің заман талабына сай компьютермен оқып-үйренулеріне мүмкіндік туғызылды.
2019 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітапхана қызметін жаңғыртып, халықтың білімге, кітап оқуға деген құлшынысын оятып, оларды жаңа заманға сай барлық санаттағы оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін жедел қанағаттандыру, кітапханалардың жаңа заманауи үлгісін құру мақсатында «Коворкинг» орталығы құрылды.
2019 жылы кітап қоры 28621 дананы құрайды. Соның ішінде: Бедерлі- нүктелі яғни, саусақ сезімімен оқитын кітаптар саны – 2730, касеталы кітаптар – 8161, СД дискалы кітаптар – 2081, рулонды кітаптар – 4271, жайпақ баспа әдебиеттер – 11378 .
2019 жылы 64 мәдени шара өткізіліп, оның 14 шарасы бұқаралық ақпарат беттерінде жарық көріп 16 мәдени-шара теледидардан ақпараттандырылды.
2019 жылдың тамыз айынан бастап кітапханаға Алданазаров Ерқазы Жарылқасынұлы басшылық жасайды.
2019 жылы «Жастар» орталығымен, ЖОО-мен, арнаулы орта оқу орындарымен меморандум жасалып, казіргі таңда көптеген шаралар бірлесіп өткізілуде.