Әкімшілік
АРЫСБАЕВ БАУЫРЖАН МЫҢЖАСАРҰЛЫ
Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған
арнаулы кітапхананың басшысы
1976 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
1995-1999 ж. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Музыка және ән айту» мамандығы бойынша бітірді.
2011-2013 ж. «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты «Қаржы» мамандығын тәмәмдады.
1999-2001 ж. - №235 орта мектебінің музыка пәні мұғалімі, кейін мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
2001-2003 ж. - Қызылорда қалалық білім бөлімінің әдіскері;
2003-2004 ж. - «Жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекеменің директоры;
2004-2005 ж. - Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің бас маманы;
2005-2006 ж. - Өнер мектебінің директоры;
2006-2008 ж. - «Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры» МҚК директоры;
2008-2010 ж. - Қызылорда облыстық филармониясының директоры;
2010-2013 ж. - Қалалық мәдени-демалыс паркінің директоры;
2013-2017 ж. - Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі;
2017-2018 ж. - Қызылорда облыстық филармониясының бас әкімшісі;
2020-2021 ж. - Қызылорда облыстық филармониясының бас инженері;
2021 жылдан бастап Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана басшысы.