📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Kitap Time - 2025» жалпы республикалық кітап фестивалі.

«Kitap Time - 2025» жалпы республикалық кітап фестивалі.

Бүгін арнаулы кітапханада кітап оқуды кеңінен насихаттау, рухани, интеллектуалдық даму жолында жастарды ынталандыру және мәдени құндылықтарымызды халыққа жеткізу мақсатында «Kitap Time - 2025»   жалпы республикалық кітап  фестивалі ұйымдастырылды.

Фестивалдің алғашқы  құттықтау сөзін кітапхана директоры Арысбаев Бауыржан Мыңжасарұлы мен кітапхананың тұрақты оқырманы Қонысбаев Төретай ашып, оқырмандарға жылы лебізін білдіре отырып,  қатысушыларға қызыққа толы әртүрлі бағдарламалар әзірленгенін айта кетті.

Фестиваль аясында шара қонақтарына «Көңіл толқыны» тақырыбы аясында кітапхананың тұрақты оқырмандары  өлең жолдарын оқып, №5 мектеп-интернат оқушылары ән-шашуларымен жалғастырды. Сонымен қатар, «Шебер қолдар» қолөнер шеберлерінің туындылары, «Кітап-ғажайып әлем» атты кітап көрмелері таныстырылды. Шараға ардагерлер, кітапхана оқырмандары, оқушылар қатысты. Шара соңында қатысушы оқырмандар рухани азық беретін көңілді кеш үшін алғыс білдірді.


24 қыркүйек 2025 ж.. 73