📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » Келешектің тірегі жастар

Келешектің тірегі жастар



Келешектің тірегі жастар
Бүгін арнаулы кітапханада 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай «Сырласу клубы» аясында «Келешектің тірегі жастар» атты кездесу кеші болып өтті. Бүгінде әр салада қызмет етіп жүрген белсенді жастар жетерлік. Олар өзінің ауқымды жұмыстарымен, қарқынды қимылдарымен еліміздің дамуы мен гүлденуіне өз үлестерін қосып жүр. Білімнің биігін бағындырып, спортта да, мәдени іс-шараларда да, елімізді әлемге танытып жүргендердің басым бөлігі жастар. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Шара барысында тұрақты оқырман А. Жаманов қай кезеңде болмасын болашақтың қожасы жастар екенін айтып, жастарды мерекелерімен құттықтады. Қатысушы жастарда өз ойларын ортаға салып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға тұжырымды жауап алды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.