«Абайды білу парыз ойлы жасқа»

«Абайды білу парыз ойлы жасқа»
Ұлтымыздың біртуар ұлы ақыны, адамзаттың Абайы атанған ағартушы, рухани реформатор Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында арнаулы кітапхана ұжымы Қазақ зағиптар клубы қызметкерлерімен бірлесіп «Абайды білу парыз ойлы жасқа» атты әдеби- әуез кешін ұйымдастырды. Әлемдік даралардың қатарынан орын алған ұлы ойшылдың даналық еңбегі ақыл мен білім-ғылымның, парасатты ойдың сарқылмас қазынасы. Шараның мақсаты: Абайдың шығармашылық мұрасын насихаттай отырып, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын жастарымыздың бойына сіңіріп қалыптастыру. Абай шығармасын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру. Кеш барысында «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, қаламқас», «Сап, сап, көңілім, сап көңілім» сынды өлеңдері оқылып әндері орындалды. Шара аясында республикалық зағип азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Абай даналығы – халық мұрасы» атты Халықаралық онлайн байқауының лауреаттары Ахатаев Рахымжан мен Құлдүйсенова Меруерт Алғыс хаттармен марапатталды. Абайдың әдебиет әлеміне қосып кеткен мұралары ұрпақтақтан ұрпаққа тарап, ұлтымыздың асыл қазынасына айнала бермек...