📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Жаны саудың тәні сау»

«Жаны саудың тәні сау»



Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спорт саласын дамытудың  2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында шаралар өтуде.
Тұжырымдаманың негізгі мақсаты бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын қарқынды дамытудың біріктіруші көзі және басты қозғаушы күші ретінде ұлттың спорттағы әлеуетін жұмылдыруға бағытталған дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімді моделін қалыптастыру болып табылады.
Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тартылған мүмкіндігі шектеулі адамдар санының өсу серпіні сақталып отырғанында атап өткен жөн.
Осы орайда арнаулы кітапхана мен «Қазақ Соқырлар Қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 13-15 тамыз аралығында «Жаны саудың тәні сау» атты доминодан қоғам мүшелерінің арасында жарыс өтті. 
Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында ғ.Кенжебеков-1 орын, Д.Пірманов-2 орын, О.Ибраев-3 орынды және әйелдер арасында К.Дүзбай-1 орын, Т.Есмағанбетова-2 орын, А.Айдарбекова-3 орынды жеңіп алды.
Жарыс жеңімпаздарына сыйлықтар мен алғыс хаттар  табысталды.
15 тамыз 2025 ж.. 25