"Ән көгінің сұнқары"

Бүгін арнаулы кітапханада Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай «Ән көгінің сұнқары» атты ән кеші өтті. Бар ғұмырын ән әлеміне арнаған дарын иесі артынан өшпес мұра қалдырды. Оның әндері әлі күнге дейін айтылып әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алып жүр. Шара барысында Шәмшінің өмір жолы, шығармашылығы туралы мағлұматтар беріліп, еселі еңбек жолы туралы деректі фильм көрсетілді. Шараға қатысушылар Шәмшінің әндерін нақышына келтіріп орындады. Арыстың жағасынан түлеп ұшқан Шәмші бүкіл қазақ даласын әнмен әлдилеп, ән мұрасы бүгінде ұлтымыздың мәңгі өшпес рухани құндылығына айналды.
