11 қыркүйек – Отбасы күніне орай «Отбасы ұрпақ тәрбиесі» атты мерекелік кеш
Отбасы – бір түбірден тараған. Адамзат баласы шыр етіп дүние есігін ашқан күннен бастап, сол ортаға бейімделіп ықпалына көніп ер жетеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі - ерекше дәстүр. Отан отбасынан басталады, - деген нақыл сөз бекер емес. Осы орайда бүгін арнаулы кітапханада 11 қыркүйек – Отбасы күніне орай «Отбасы ұрпақ тәрбиесі» атты мерекелік кеш болып өтті. Шараға «Сәулем-ай» әжелер ансамблінің мүшелері З. Байоразова, Б.Байсақаловалар қатысып, адам өзінің ұрпағынан елді сүйсіндірер ұлы істерді тындырса деген мақсатты нысан етеді, үміт артады. Сол ниетпен жақсылыққа баулитынын айтып өтті. Қатысушы оқырмандар да өз өнерлерін көрсетіп, әжелер ансамблінің орындауындағы әндерін тыңдады. Өнегелі отбасы арқасында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты жақсарады деп шараға қатысушылар көңілді күйде тарқасты.