«Тіл-мәңгілік мұрамыз»

«Тіл-мәңгілік мұрамыз»
Ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халықының азат тағдыры мен тілі үшін күрескен халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, Алаш арысы, ағартушы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, публицист, педагог, аудармашы – Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланыстыра, ҚР халықтарының тілдері күні бекітілген болатын.
Осы орайда арнаулы кітапханада «Тіл-мәңгілік мұрамыз» атты поэзия кеші өтті.
Мәдени шарада кітапхана оқырмандары мен оқушылар, ақындарымыздың тілге байланысты жазылған көркем шығармаларынан үзінділер оқып, «Тіл – асыл қазына» атты кітап көрмесімен таныстырылды.
Тілдік мәдениет пен жалпы адами рухани құндылықтарға негізделген қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты, қазақстандық бірегейлікті, өзара түсіністікті нығайту, дамыту, қазақ тілінің мәртебесін биіктету.