📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Конституция – құқықтық мемлекеттің негізі»

«Конституция – құқықтық мемлекеттің негізі»


«Конституция – құқықтық мемлекеттің негізі»

30 тамыз Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай арнаулы кітапханада «Конституция – құқықтық мемлекеттің негізі» ҚР Конституциясының Брайль қарпіндегі нұсқасының таныстырылым болып өтті. Ата заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды.

Конституция бойынша барлық азаматтың құқығы тең. Оның ішінде зағип жандар да азаматтық құқықтарын жіті пайдалана алуы тиіс. 

Қазіргі уақытта Конституцияның өзге де форматтағы нұсқалары бар. Енді брайиль қарпіндегі нұсқасы да қолжетімді.

Шараға кітапханашылар мен арнаулы кітапхана оқырмандары, мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Шара соңында  «Ата заң–рухани жаңғыру тірегі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Көрменің мақсаты: Оқырмандарға  ҚР Конституциясының сипаты, маңызы туралы түсінік беру. Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету. Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. 

Көрмеде Қазақ хандығы кезінен бастап Қазақстан халқының құқықтары, бостандығы мен міндеттерінің құрылу тарихын, Тәуелсіз Қазақстан азаматтарының барлық құқықтарын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы Конституцияның тарихын баяндайтын кітаптар және  Ата заң тармақтарына енгізілген өзгерістер жайында мерзімді басылымдар ұсынылды.


28 тамыз 2025 ж.. 41