📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Семей қасіреті...» дөңгелек үстел.

«Семей қасіреті...» дөңгелек үстел.

Қазақ даласындағы ең ауыр қасірет – Семей полигонының жабылғанына да отыз жылдан асты. Дегенмен жойқын ядролық қарудың зардабын туған жұртымыз әлі де тартып келеді. Соның салдарынан Семей топырағы әлемдегі ең ауыр экологиялық апат аймағына айналып отыр.

Осы орайда арнаулы кітапханада «Сесей қасіреті» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Шараға  жас буын өкілдері мен кітапхана оқырмандары қатысты.
 
Мақсаты - оқырмандарға Семей полигонының зардаптарының шығу тарихы, зерттелуі туралы түсінік беру. Қоршаған ортаны таза ұстауға, еліміздің табиғатын қорғауға тәрбиелеу, ядролық қарулардың адамзат баласына тигізетін ауыр зардаптарын түсіндіру.

Іс-шара барысында кітапханашы 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауға  «Невада-Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілгені жайында баяндап, 1991 жылы тамыз айының 29-ы Семей полигоның жабылған күні екендігі сынды мағлұматтар берді.

Адамзатқа үлкен қайғы – қасірет пен апат әкелетін – ядролық қару.

Дөңгелек үстел аясында қатысушылар назарына Қазақстан тарихының қайғылы беттері – Семей полигонындағы ядролық сынақтар зардаптарына арналғанарнайы бейнероликұсынылды.