📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » 2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Еңбек адамы – қоғамның қозғаушы күші» ақпарат сағаты.

2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Еңбек адамы – қоғамның қозғаушы күші» ақпарат сағаты.

      2025 жыл – Мемлекет басшысының Жарлығымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Осыған орай ҚСҚ клубында арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен «Еңбек адамы – қоғамның қозғаушы күші» атты ақпарат сағаты болып өтті. Бұл жылдың басты мақсаты – жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыру және жас ұрпақты білікті маман болуға ынталандыру. Ел дамуының негізін қалаған еңбек адамдарына деген құрмет пен алғыс білдірудің маңызды кезеңі. Шараға қатысушы оқырмандар көкейлерінде жүрген ойларын ортаға салып, жастар арасында ел болашағына үлес қосып, ел мақтанышына айналар ұрпақтардың бар екендіктерін айтып тарқасты.