📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » Абайдың қара сөздері: тәрбиелік мәні

Абайдың қара сөздері: тәрбиелік мәні

Биыл ұлы ақын, ойшыл, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы  Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Абай Құнанбайұлының шығармашылық қызметіндегі негізгі тақырып адам бойына адамгершілік, сыйластық және көркем мінезді болуына бағытталған шығармаларымен танымал. Ақынның шығармалары адал еңбек, таза жүрек,  даналық сияқты тақырыптарға негізделген. Осы айтулы датаға орай  облыстық арнаулы кітапханада «Абайдың қара сөздері: тәрбиелік мәні» атты поэзия сағаты өтті. Шара барысында ақынның өлеңдері, қара сөздері оқылып әндері орындалды. Сонымен қатар «Әлем таныған ұлы тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып ақынның әрбір шығармаларына талдау жасалынып оқырмандарға таныстырылды.