«Ақиқат пен аңыз»
Арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен 100 кітап жобасы аясында халық жазушысы Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» шығармасы бойынша әдеби талдау өтті. «Ақиқат пен аңыз» деп аталатын бұл кітап Ұлы Отан соғысының даңқты қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсіндеуге арналған, автор Бауыржан Момышұлының сонау балауса жастық шағынан тартып, Совет Армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезеңін, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап, күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды.
Романның жазылу формасы да ерекше, бүкіл оқиға автор мен кейіпкердің диалогі арқылы өтеді.
Әдеби талдауға кітапхана оқырмандары Құлдүйсенова Меруерт, Көлбаев Құрманғазы және Кенжебеков Ғалымжан қатысып, жазушының шығармасы бойынша өз ойларын, пікірлерін айтып, сұрақ-жауап беріліп, шығарманы аша түсті.



