
Бүгін арнаулы кітапханада республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Екі ғұмыр - бір әдеби әлем» атты ақпарат сағаты қазақ әдебиетінің ұлы тұлғалары Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналды. Тәкен Әлімқұлов қазақ прозасының дара тұлғасы, қоғам қайраткері. Оның шығармашылығы қазіргі әдебетте ерекше ізі бар. Ал Жұмекен Нәжімеденов қазақ поэзиясының дамуына үлкен ықпал еткен дара ақын және драматург. Шараның мақсаты жыл кітабы болып таңдалған ақын, жазушылардың шығармаларын оқырмандар қауымына таныстыру. Сонымен қатар ұлы тұлғалардың шығармаларын насихаттау мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды.