📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » Облыстық тарихи өлкетану музейі

Облыстық тарихи өлкетану музейі

Бүгін арнаулы кітапхана ұжымы қаламыздағы биыл ашылған облыстық тарихи-өлкетану музейіне арнайы барып, жаңа мәдени нысанмен танысты. Музей екі қабатты заман талабына сай жабдықталған. Музей экспозициясы тамыры тереңге жайған тарихымыздан, сол тарихи жерді мекен еткен ұлы тұлғалар мен өнер қайраткерлері туралы жәдігерлерге бай екен. Туған жеріміздің сонау қалыптасу кезеңінен бастап күні бүгінге дейінгі тарихын жасанды интелект арқылы ақпарат алушыға электронды түрде тез және мол мағлұмат алуына ыңғайландырылған.  Әр бөлім тақырыпқа сай жабдықталған, бөлімнен бөлімге ауысып отырып өзіңіз де сол заманға сапар шегіп қайтқандай сезінесіз. Музей қызметкерлері де әрбір тақырыпты тереңдете баяндап қызықты ақпараттар беруге тырысты. Қойнауы сырға толы Сыр бойының тарихи-мәдени ошағындағы бір күн міне осылай өтті...