📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі – жемқорлықпен күрес»

«Мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі – жемқорлықпен күрес»

Жемқорлық - заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.
Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қайсын болмасын да қатты алаңдататыны айқын. Осы орайда арнаулы кітапханада «Мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі – жемқорлықпен күрес» атты  ақпарат сағаты болып өтті.
Мақсаты: Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, жастарды ұйымшылдықпен саяси сауаттылыққа баулу.
Әрбір қоғам дамуының жақсы жағымен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, Елдің әлеуметтік хал-ахуалының жақсарып, жоғары даму деңгейіне жету, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады. Сондықтан да, әрбір Қазақстан Республикасының азаматы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті.