«Ұлы халықтың-Ұлы Абайы»
Қызылорда облысы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының Шиелі ауданындағы бөлімшесінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 15 шілдеде ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Ұлы халықтың-Ұлы Абайы» атты тағылымды кеші болып өтті.Мақсаты: Абай шығармашылығының рухани-мәдени маңыздылығын жастарға танытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың шығармашылығын насихаттауға арналған кешінде Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқырмандар нақышына келтіре оқыды. Сонымен қатар, «Желсіз түнде жарық-ай», «Көзімнің қарасы» әндері (хор) орындалды. Оқырмандарға Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтар қойылып, ұлы ақынның өнегелі өмірі, даналығы кеңінен таныстырылып, рухани асыл мұралары насихатталды.
Кеш соңында «Сыр Ұланы»тынығу лагерінің директоры Әбішев Бауыржан Әлтайұлы сөз алып, ақынның туындылары өскелең ұрпақты адалдыққа, ізгілікке жетелейтіні жайлы сөз қозғады. Өнер көрсеткен қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді.
Хакім Абайға арналған «Абай мұрасы-халық ұлағаты» атты кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.

