
Сарыарқа төсінен бой көтерген Елорда бүгінде еліміздің мақтанышына, даламыздың көркіне айналып, астанамызға қатысты маңызды шешімдер қабылдайтын мемлекетіміздің саяси орталығы ғана емес, ұлттық рухымызды ұйытып отырған рухани ордамызға да айналып отыр. 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі "Астананы Ақмола қаласына көшіру туралы» қаулы қабылдады. 1998 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қалаға "Астана" деген жаңа атау берілді. Ал 2008 жылы мерекелер туралы заңға қосымшалар енгізіліп, соған сәйкес Астана күні мемлекеттік мереке болып бекітілді. Тарихқа толы сыр бүккен астанамыз бүгінде ел мақтанышы болып отыр. Бас қаламыздың даму тарихын, қарт Есілдің сұлулығын суреттейтін ән жолдары мен өлеңдер қаншама. Астана күнін атап өту мақсатында арнаулы кітапхана және клуб қызметкерлері бірлесіп, Елорда күніне орай «Ғасыр көркі - Астана» атты» мерекелік шара ұйымдастырды. Шараның мақсаты: Еліміздің бас қаласы – Астананың тарихын тереңінен тану, қаланың даму бағыттарымен танысу, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру. Еліміздің бас қаласы туралы ақындардың өлеңдері оқылып, әсем әндер орындалды. Шара арасында белсенді қоғам мүшелеріне сый-сыяпаттар жасалынды. Астана болашақтың қаласы. Олай болса болашаққа бой түзеген бас қаламызды қалай құрметтесек те орынды, өйткені ЮНЕСКО шешімімен «Әлем қаласы» атағын алған бас қаламыз әрбір қазақстандық үшін мақтаныш мәртебе.