📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » Домбыра – қазақтың қазынасы

Домбыра – қазақтың қазынасы

 Домбыра – қазақ халқының көне музыка аспаптарының бірі және халқымыздың тарихи өмір жолымен тығыз байланысты. Осы орайда бүгін Ұлттық домбыра  күніне орай «Домбыра - қазақтың қазынасы» атты әуенді кеш болып өтті. Шараны кітапхана директоры Б. Арысбаев ашып,  қатысушы оқырмандар Т. Қонысбаев, З. Байоразовалар домбыра туралы тарихи әңгімелерге тоқталды. Қазақ музыкасының білгірі А.Жұбанов домбыра туралы былай деген: «Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы, қасиетті аспабы домбыра. Оның сымдай тартылған қос ішегінде сан ғасырдың ойы мен көңіл – күйі жатыр.» Қаймағы бұзылмаған қазақ даласында домбыра үні кетпесін деп шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.