Тұлпардың тұяғы Ыдырыс
Сыр өңірінің дамуына өлшеусіз үлесін қосқан мемлекет және қоғам қайраткері, соғыс ардагері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Ыдырыс Қалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай арнаулы кітапханада «Тұлпардың тұяғы Ыдырыс» атты портрет кеші өтті. Ол еңбек жолын қарапайым теміржолшыдан бастап, облысты басқару дәрежесіне дейін көтерілді. Қиын жылдардағы қызметтің бар ыстығы мен суығына көніп, талай игі істің жанашыр бастамашысы бола білді. Халқын соңына ертіп, қыруар жұмыстардың ұтымды ұйымдастырылуына ұйытқы болу – нағыз нар тұлғалы азаматқа тән сирек қасиет.
Өнегелі өмірі баршаға үлгі бола білген, ел үшін еткен еңбегі, халық игілігіне айналған, Отан үшін от кешкен ерлігі жас ұрпаққа ұран болған ел ағасы, қайраткер азамат.

