📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » Әке

Әке

Қазақстанда маусым айының әр үшінші жексенбісінде Әкелер күні тойланады. Әке -өміріміздің алғашқы күнінен бастап жанымызда жүретін, жауапкершілікке, әділдікке, табандылыққа баулитын, қиындықтарды еңсеруге көмектесіп, қолдау көрсететін, сенім сыйлайтын арқа сүйер жан. Әкенің махаббаты, қамқорлығы мен тәрбиесі – баланың болашақ жетістіктерінің берік негізі.
Осы орайда  арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен Әкелер күніне орай «Әке-ұрпақ панасы» атты мерекелік шара өтті.
Шараны «Қазақ Соқырлар Қоғамы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалы төреағасының міндетін атқарушы Бидайгүл Байменова, қатысушыларды мерекемен құттықтады. 
Шарада кітапхана оқырмандары Құлдүйсенова Мерурет, Петрова Катя, Балмаш Димаштар көркем сөздер оқылып, Калменова Шұғыла, Нұрлиева Ақмарал, Сейфулла Бағдәулет ән-жырдан шашу шашты.