📍 Қызылорда обл., Қызылорда қ., Жургенова к-сі, 64а ☎️ +7 (7242) 23‒37‒08 ✉️ bnsg_kizilorda@vmail.kz
Q&A
» » Әдебиетті серік еткен қаламгер

Әдебиетті серік еткен қаламгер

Әдебиетті серік еткен қаламгер Жазушылық пен ақындық – ерекше қасиет, кез келген адамның қолынан келе бермейтін сирек дарын. Жазушы – айналасындағы жақсы мен жаманын, артық-кемін өзгелерден бұрын аңғаратын көреген жан.
Сондай қаламгердің бірі – Алаш сыйлығының лауреаты, көрнекті жазушы Дидахмет Әшімханұлы. 
 Дидахмет Әшімханұлының туғанына 75 жыл толуына орай арнаулы кітапханада «Әдебиетті серік еткен қаламгер» атты ақпарат сағаты өтті.
 Оның шығармаларының негізгі өзегі – Алаш рухы, қазақтың ұлттық болмысы, қарапайым адамның ішкі жан әлемі. Ол – шындықтың, әділдіктің қаламгері. Қаламынан туған әр әңгімесі, әр публицистикалық мақаласы елге ой салатын, жанды қозғайтын туындылар.
Қазақтың көрнекті жазушысы Дидахмет Әшімхан есімін ұрпақ жадында жаңғыртудың, шығармашылығын насихаттау.