4 маусым ҚР Рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
4 маусым күні Қызылорда облысы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының Шиелі ауданындағы бөлімшесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздер күні мерекесіне орай «Үмітін елдің арқалап, арманнан туған рәміздер » атты мерекелік кеш өткізілді. Кеш №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінің лагерінде өтті.
Мақсаты: Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа Елтаңба, Ту Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін дамыту, оқушыларды Отанын сүюге, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Мемлекеттік
Мерекелік кешіміз ҚР-ның әнұранынын орындаумен басталды.
Кітапханашы А.Орынбаева оқырмандарға мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран туралы түсінік беріліп, мемлекеттік рәміздердің тарихына тоқталды.
Шарада Мемлекеттік Рәміздер туралы сұрақтар, мақал-мәтелдер жалғастыру, сурет салу кезеңдерін
және А.Баймұратов Т.Молдағаливтың « Елтаңба»,
А.Бақтияров Ж.Ысқақованың«Мақтанамыз олармен», М.Асқар Т.Толқынқызының«Әнұран»
Н.Қалдыбай И.Сапарбайдың«Менің әнұраным»өлеңдерін оқыды.
Тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы биіктен желбіреп, рәміздеріміздің мәртебесі одан әрі арта берсін!



