📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » Балалар – біздің болашағымыз, оларды желеп-жебеп жүру - қоғам қамқорлығының басты аспектісі

Балалар – біздің болашағымыз, оларды желеп-жебеп жүру - қоғам қамқорлығының басты аспектісі

Балалар – біздің болашағымыз, оларды желеп-жебеп жүру - қоғам қамқорлығының басты аспектісі. Бұл күні әр балаға қауіпсіз балалық шақ сыйлап, болашақта бақытты болып, табысқа жетуге көмектесетін білім, қамқорлық пен махаббатқа ие болу мүмкіндігін беру қажеттігі туралы есімізге салады. Біздің қоғам балалардың қауіпсіздігі мен амандығын бірінші орынға қойып, барлық қауіп-қатерден қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіс. 1 - Маусым Халықаралық балалар күні қарсаңында «Тыныштығы әлемнің , күлкісінде баланың» атты ұлттық – спорт сайысы өтті. Сайыс  кітапханамыздың тұрақты жас оқырмандарының қатысуымен өтті. Сайыс кезеңнен құралды:
1- Кезең Асық ату сайысы
2- Кезең қол күресі ойыны
3-  Кезең Арқан тарту сайысы. Шараның мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың жазғы демалыс уақыттарын көңілді ұйымдастыру.  Мереке құтты болсын! Балаларға көтеріңкі көңіл-күй, армандарының орындалуын және жазғы демалысты жақсы өткізулерін тілейміз!