📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » Н. Бекжановтың туғанына 135 жыл толуына орай «Сұлу сырдың күміс көмей ақыны» дауыстап оқу.

Н. Бекжановтың туғанына 135 жыл толуына орай «Сұлу сырдың күміс көмей ақыны» дауыстап оқу.

«Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» дейді аруақты бабаларымыз. Рухани өмірдегі сондай сәйгүліктер - халқымыздың ортасынан дара шыққан жазушылар, ақындар, жыршы-термешілер, жыраулар. Қазақ халқы ондай ерен жүйріктерге әманда бай болған. Солардың бірі - бірі емес бірегейі, артында мол мұра қалдырған «сегіз қырлы, бір сырлысы», ақиық ақыны, талантты композиторы, күміс көмей әншісі, замана бұлбұлы Нартай Алыпқашұлы Бекежановтың 135 жыл толуына орай «Сұлу сырдың күміс көмей ақыны» атты дауыстап оқу өткізілді.
Мақсаты:Н.Бекежановтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру.
Шарада,кітапханашы Н.Бекежановтың бойында табиғат берген бірнеше қымбат қасиеті жайлы , соның бірі – оның суырыпсалма ақындығы. Екіншісі – композиторлығы. Үшіншісі – сырнаймен өзі сүйемелдеп айтатын орындаушылық қасиеті. Төртінші, оның осы өнерлерімен қалың ортадан озып шыққаны. Нартай әндері басқалардан ерекше, елді тартатын, тыңдаушысына ғанибетті әсер беретін: Жамбыл атамыз айтқандай: «Ақын Нартай, жез таңдай» еді. Нартай өлеңдері түрлі жағдайларға байланысты, не өзі жайлы айтылса да ешкімді жайбарақат қалдырмайтын. Оны жастар да, ұлғайғандар да тыңдауға ынтық болатын. Нартай сол сырт бейнесі арқылы-ақ өз заманының сұлуы болған дер едім. Өйткені, ол шығармашылық адамы. Әрі жәй ақын емес, әнімен халыққа рух беретін, елді бірлікке, еңбекке жұмылдыра білетін қайраткерлік иесі еді. Тіпті, оның әндерін домбырамен орындайтын қыз-жігіттердің өзін жұртшылық күні бүгін құрмет тұтады.
Мені қазақ халқының бойына суырыпсалмалық қасиет қайдан сіңген деген ой мазалайды. Ол тіл байлығы, ой жүйріктігі, ғажап нәзік сезімталдығы мен кең пейілділігі, ер жүректігі мен батырлығы арқылы қанына сіңгендігі жайлы және оқырмандар өмір жолы мен шығармашылығымен танысты.
Нартай өз халқын түрлі жағдайларда рухтандыра білген суырыпсалма ақын әрі керемет орындаушылық қабілеті арқылы ел санасында сақталатын керемет тұлға.