📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » Ел жадынан өшпейтін зұлмат

Ел жадынан өшпейтін зұлмат

Ел жадынан өшпейтін зұлмат

Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады. Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930-1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды. Өткенге ой жіберіп, осы күнге жете алмай, армандап өткен асыл ағаларымызды еске алу мақсатында, 31 мамыр  саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай арнаулы кітапханада  «Ел жадынан өшпейтін зұлмат» атты тарихи-таным сағаты өтті. Шарада арнаулы кітапхана директоры Алпысбаев Бауыржан Мыңжасарұлы   сөз сөйлеп, нәубетті жылдардың ел басына түсірген орасан ауыртпалығы жөнінде айтып өтті. «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР-ның 1993 жылы 14 сәуірдегі заңына сәйкес қуғын-сүргіндерге ұшырағандар жаппай ақталды, қазақ қайраткерлерінің есімдері халқына қайтарылды. Сонда да халқымыздың басынан өткен қасіретін халық жадынан ешкім өшіре алмас.  Олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу, сондай-ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру. Бұл біздің Отанымыздың тарихындағы өзекті мәселе. Шараға қатысқан кітапхана оқырмандары елін сүйген, жазықсыз қудаланған арыстарымызға арналған өлең жолдарын нақышына келтіріп оқып беріп, есімдрі мәңгі сақталып, өшпес із қалдырғаны жөнінде өз пікірлерін айтты.