Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі.
Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі. Қазіргі таңда баланың қауіпсіздігі өзекті тақырып екені анық. Балалар – қоғамның болашағы, олардың әл-ауқаты мен дамуы саламатты және гүлденген қоғам құруда шешуші рөл атқарады. Олардың толық әлеуетін дамыту үшін қамқорлық, сүйіспеншілік, білім және қолдау қажет. Осы орайда, арнаулы кітапханада «Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі» атты ақпарат сағаты өтті. Мақсаты: Қазіргі қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі – жасөспірімдердің әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін талқылау, түсіндіру. Шараға қатысқан оқырмандар балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды әлеуметтік медиа мен интернеттің зиянды әсерінен қорғауы тиіс екенін айтып, бала қауіпсіздігіне алдымен заң жүзінде де ата-ана жауапты екенін нақтылап, балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырудың маңыздылығы жайында пікірлер айтылды.
