21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Мәдениеті өскен ел - өркениетке көшкен ел» мерекелік шара.

Бүгін арнаулы кітапхана және клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 21 мамыр -Мәдениет және Өнер қызметкерлері күніне орай мерекелік шара болып өтті. Шараны Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда обылыстық филалы төрағасының міндетін уақытша атқарушы Бидайгүл Байманова және арнаулы кітапхана директоры Бауыржан Арысбаев құттықтау сөзімен ашты. Шара барысында кітапхана оқырмандары Екатерина Петрова, Меруерт Құлдүйсенова өлеңдер оқып, Калменова Шұғыла, Төлеген Забира және Лашын Арайлымның орындауында әндер шырқалды. Шара аясында Облыстық кәсіподақ ұйымының тарапынан кітапханашы Қ.Макосова Салалық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен, жұмысшы К.Дүзбай облыстық филиал төрайымының Алғыс хатымен марапатталып бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар кітапхана басшысының Алғыс хатымен бас есепші Н.Абдуллақызы мен кітапханашы А.Суюндыкова марапатталып кәсіподақ тарапынан сыйлықтар табысталды.
