📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай «Айбынды күштің айнасы» ақпарат сағаты.

7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай «Айбынды күштің айнасы» ақпарат сағаты.

Отан қорғаушылар күніне орай арнаулы кітапханасында «Айбынды күштің айнасы» атты ақпарат сағат өтті. 

Тәуелсіз ел атанғаннан бастап аумақтық тұтастықты қорғау басты мақсаттың бірі болды.  Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Бүгінгі алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені даусыз. Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Әрі білімді, бәсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау яғни салауатты өмір салтын ұстануы алғы шарт болып табылады. Ұлы Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қырағы- Мен жастарға сенемін» дегендей, бүгінгі қоғам, қазіргі нарық бәсеке заманын талап етіп отыр.