📍 Қызылорда обл., Қызылорда қ., Жургенова к-сі, 64а ☎️ +7 (7242) 23‒37‒08 ✉️ bnsg_kizilorda@vmail.kz
Q&A
» » 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай «Өнерлі отбасы» кездесу кеші.

15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай «Өнерлі отбасы» кездесу кеші.

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай арнаулы кітапханасында «Отбасы – бақыт мекені» атты мерекелік шара өтті. Іс-шара отбасылық құндылықтарды насихаттап, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеумен қатар қоғамда мейірімділік пен сыйластықты нығайтуға бағытталған.Отбасы – адам баласы үшін ең қымбат әрі қасиетті ұғым. Ұлтымыздың сан ғасырлық мәдениетінде отбасы – рухани байлықтың, ізгілік пен мейірімнің ордасы, ұлттық тәрбиенің бастау көзі саналады. БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні ретінде бекітілді.   Мерекелік шараның жалғасы ән-шашу мен көтеріңкі көңіл-күйге жалғасты.