📍 Қызылорда обл., Қызылорда қ., Жургенова к-сі, 64а ☎️ +7 (7242) 23‒37‒08 ✉️ bnsg_kizilorda@vmail.kz
Q&A
» » Анадан асқан жан бар ма?

Анадан асқан жан бар ма?

Анадан асқан жан бар ма?

Аналар күні – әлемнің көптеген елдерінде анаға құрмет көрсетіп, оның мейірімі мен қамқорлығы үшін алғыс айту мақсатында атап өтілетін маңызды мереке. Бұл күн әр адамның жүрегіндегі ең қымбат жан – анасын ұлықтайтын күн ретінде танылған. Осы орайда арнаулы кітапханада «Анадан асқан жан бар ма?» атты мерекелік шара өтті. Бұл шараның басты мақсаты – аналардың қоғамдағы рөлін тану, отбасы құндылықтарын дәріптеу және аналарға деген алғыс пен құрметті арттыру. Мерекелік шарада өнерпаздар жыр-шумақтарын оқып, әннен шашу шашты.