Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс
Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан да ұмытпақ емес. Әлемді дүрсілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 мамырда бұл оқиға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 80 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы. Осы орайда арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен «Ұрпаққа ұран болған-Ұлы Жеңіс» атты еске алу кеші өтті. Мерекелік шараны арнаулы кітапхананың кітап қорын толықтыру бөлімінің меңгерушісі Бекенова Айна және Қазақ Соқырлар Қоғамының Облыстық басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы Байманова Бидайкүл ашып, кешке қатысушыларды Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтады. Кеште соғыс жылдарындағы рух берген әндер шырқалды.

