«Мәңгілік ұлықталар Ұлы Жеңіс»
Арнаулы кітапхананың оқу залында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Мәңгілік ұлықталар Ұлы Жеңіс» атты кең көлемді кітап көрмесіне сұрапыл соғыстан елімізді аман сақтап, болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдырған қазақ батырларының ерліктерінен сыр шертетін кітапхана қорындағы тарихи, көркем әдеби әдебиеттермен толықтырылып, шолу жасалды. Көрменің мақсаты – Отан үшін күрескен ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды ұрпақ жадында сақтау.

