📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Бірлік пен ынтымақ елдіктің белгісі»

«Бірлік пен ынтымақ елдіктің белгісі»

«Бірлік пен ынтымақ елдіктің белгісі»

Бүгін ҚСҚ клубында арнаулы кітапхана мен клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Бірлік пен ынтымақ елдіктің белгісі» атты мерекелік шара болып өтті. Мерекелік шараны арнаулы кітапхана басшысы Б. Арысбаев және ҚСҚ Қызылорда облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Б. Байманова құттықтап ашып берді.  1995 жылдың наурызында Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған, саяси маңызы бар құрылым. Ұлт пен ұлыстың, бауыр мен туыстың қадірін ұғынған қазақ даласының қасиеті кең әлемге мәлім.  Шарада әр ұлт өкілдерінің әні шырқалып, «Сәулем – ай» әжелер ансамблі Е. Хасанғалиевтің «Күн дидарлы – Қазақстан» әнін орындады.  Е. Петрова, М. Құлдүйсенова, Т. Есмағанбетовалар ақындардың қаламынан туындаған өлеңдерін оқыды.