Алтын Ордаға 755 жылдығына орай «Алтын Орда түркі халқының тарихында» тарихи сағат.
Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының Шиелі ауданындағы бөлімшесінің ұйымдастыруымен Алтын Орданың 755 жылдығына орай "Алтын орда-түркі халықтарының тарихында" атты тарихи сағаты болып өтті. Шараға № 244 Ы.Жақаев атындағы мектептің 9 сынып оқушылары қатысты.
Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі. Оның құрамына бір – бірінен қоғамдық – экономикалық даму деңгейі жағынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт – дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен халықтар кірді.
Шара барысында оқырмандарға Алтын Орда тарихы туралы мағлұматтар беріліп, Алтын Орданың гүлденуі мен құлдырауы туралы А.Дәурен, Н.Тәбибім, Е.Әмзеғали, А.Айтбек өз ойларын айтып өтті.
