«Жаңаша жаңғырған әдебиет» жобасы аясында М.Құттықов «Аяқталмаған ән» повесть, Ғ.Бекахметовтың «Барсакелмес» романының СД нұсқасының кітап беташары.
Бүгін Арал аудандық Қазақ соқырлар қоғамында зағип оқырмандардың қатысуымен Ұлттық кітап күніне орай арнаулы кітапхананың дыбыс жазу студиясында дыбыстандырылған Ғабит Бекахметовтың «Барсакелмес: көшпенділердің оралуы» романы және жергілікті ақын Мешітбай Құттықовтың «Аяқталмаған ән» повесі бойынша кітап беташары болып өтті. «Барсакелмес» романы қазақ әдебиетіне жаңа бағыт, жаңа тыныс алып келуімен ерекше, ал ақын Мешітбай Құттықовтың «Аяқталмаған ән» шығармасында Ұлы Отан соғысындағы совет жауынгерлерінің ерлігі, интернационалдық достық пен бауырмалдық, майдан мен тылдың ынтымақ - бірлігі әңгіме болады.
Шара барысында оқырмандар кітаптар жөнінде өз ойларымен бөлісіп, дыбыс жазу студиясына алдағы уақытта жазуға кітаптар тізбесін ұсынды.
