📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Жаңаша жаңғырған әдебиет» жобасы аясында Б.Майлинның «Шұғаның белгісі» кітабын талдау.

«Жаңаша жаңғырған әдебиет» жобасы аясында Б.Майлинның «Шұғаның белгісі» кітабын талдау.

Бүгін, арнаулы кітапхана қызметкерлерінің  ұйымдастыруымен 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Қазалы ауданындағы зағип оқырмандардың қатысуымен  көрнекті жазушы, ақын, драматург және қоғам қайраткері Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» атты шығармасын талдау болып өтті.

Ескі қазақ қоғамындағы қазақ қыздарының ауыр тағдыры, әсіресе, IX-XX ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ең өзекті тақырыптардың бірі болды. Осындай өзекті тақырыпқа жазылған шығарманың бірі Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі».

Шара барысында оқырмандар Үсеналиев Қожабай, Шайхов Серікбол, Қыстаубаева Асия шығармадағы негізгі оқиғаны заманауи тұрғыда бағалап, өз ойларымен бөлісті.

Шара соңында Қазалы аудандық қазақ соқырлар қоғамының төрағасы Қиясов Әлімжан кітапханаға өз туындысы «Жақсы сөз» атты кітабын сыйға тарту етті.