Ұлттық кітап күні

23 сәуір – Ұлттық кітап күні
Бүгін Ұлттық кітап күні. Биыл бұл күн алғаш рет аталып отыр. Былтыр Атырауда өткен Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл әрине өз кезегінде кітапты ұлықтау, жазушыларды ұлықтау болып табылады. «Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» деген екен түркі халқының ұлы ақыны Ә. Науаи. Шындығында адам баласы кітап оқу арқылы ішкі мәдениетін қалыптастырып, рухани таным деңгейін арттырады. Кітап – адамның нағыз досы, ең құнды қазына. Осы орайда бүгін арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен Коворкинг орталығында «Кітаптың айтары ішінде» атты дөңгелек үстел болып өтті. Шараға кітапхана оқырмандары Т.Қонысбаев, Н.Үсенов, К.Абубакиров және тағы басқа кітап сүйер қауым қатысып кітаптың адам өміріндегі алар орны туралы ой бөлісті. Оқырмандар өздері оқыған шығармалары туралы, сол шығармадағы ой қалдырған кейіпкерлер туралы сөз қозғап шараның қызықты өтуіне атсалысты.


