23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай...
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» болып бекітілді. Аталмыш мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленді.
«Мен кітапханаларды ақыл, білім, адамгершілік, парасат, иман ордасы деп білемін, ал кітапханашыларды сол ешқашан жоғалмауы тиісті ең асыл құндылықтың ең жанкешті сақшылары ретінде санаймын» - деп Әбіш Кекілбаев айтқандай кітап жанашырларын 23 сәуір – Ұлттық кітап күнімен соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кітапханалық қызмет көрсетіп жүрген арнаулы кітапхана ұжымы мен зерек оқырмандарын құттықтаймын. Саналы ұрпаққа сапалы білім берудегі еңбектеріңізге табыс, бірлік пен береке, отбасыларыңызға тыныштық және оқырмандарыңыз көп болсын деп тілек білдіремін.
Игі тілекпен
Қазақстан Республикасының Еңбек Ері
