«Ескерткіштер көне тарихтан сыр шертеді» ақпарат сағаты.
Ескерткіш – ұлттық тарих пен мәдениеттің құнды жәдігері. Халқымыздың өткенінен сыр шертетін қастерлі мұра тарихи – мәдени жәдігерлер – өткен тарихтың куәсі. Олар кейінгі ұрпаққа аманат. Осы орайда бүгін арнаулы кітапханада 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай «Ескерткіштер көне тарихтан сыр шертеді» атты ақпарат сағаты болып өтті. Кітапханашы А. Нұрлиева Қызылорда облысындағы ескерткіштерге тоқталып, тұрақты оқырмандар Қ. Кулбаев, Ж. Ағыбаева ақындардың қаламынан туындаған ескерткіштер туралы өлеңдерін оқыды. Сыр бойының қойнауы да ескеркіштерге бай. Солардың бірі Қорқыт ата кесенесі. Қатысушы оқырмандар Қорқыт ата кесенесі туралы аудио нұсқада тыңдап, барымызды құрметтеп, болашақ ұрпаққа аманаттау біздің парызымыз деп тарқасты. 