Қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Шоқан Уәлиханов – Шығыс жұлдызы» дөңгелек үстел.
Бүгін арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен № 8 мектеп интернатының кітапханасында қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уалихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Шоқан Уалиханов - Шығыс жұлдызы» атты дөңгелек үстел болып өтті.Шоқан Уәлиханов — қазақ мәдениетін әлемге танытқан ғалым. Оның саяхат күнделіктері ғылыми тұрғыдан үлкен маңызға ие. Ғалымның өмірбаяны мен шығыстану саласына қосқан үлесін қазіргі заманғы ғалымдар әлі де зерттеп келеді. Шараға 9 сынып оқушылары қатысып, Қоқан хандығы туралы жазбаларын айтып берді. Шара соңында Шоқан туралы ведеоролик көрсетілді.
