📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » Қарасақал Ерімбет Көлдейұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Шайыр шерткен шежіре» тарихи-таным сағаты.

Қарасақал Ерімбет Көлдейұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Шайыр шерткен шежіре» тарихи-таным сағаты.

Қазақ әдебиетінің тарих қойнауындағы ұлы жолы ұлтымыздың қалыптасуымен сабақтас екені белгілі. Алты Алаштың анасы болған Сыр өңірінде дүниеге келген жауһарлардың баға жетпес туындылары біз үшін ғибратымен ерекшеленеді. Қазақ елі тума таланттарға бай. Соның ішінде Сыр сүлейлерінің арасында танымалдылыққа ие Қарасақал Ерімбет мұраларының шоқтығы биік.

Осы орайда арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен  Сөз шайыры – Қарасақал Ерімбет   Көлдейбекұлының туғанына 175 жыл толуына орай  «Шайыр шерткен шежіре» атты  тарихи таным сағаты өтті.
 
         Мақсаты:  Оқырмандарды Қарасақал Ерімбет бабамызбен таныстыру. Оның   өлеңдерін, дастандары мен айтыстарын кең тұрғыдан  насихаттау. Бабамыздың артына қалдырған мұраларын  кейінгі ұрпақтарға таныстыра отырып, оның мән-мағынасын, тәлім-тәрбиесін, тағлым-мәдениетін ұғындыру.