«Наурызым мерекем - Наурызым құт берекем!» мерекелік шара
Бүгін арнаулы кітапхана мен «Соқырлар Қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Наурыз мереке - Наурызым құт береке» атты мерекелік шара болып өтті. Шара барысында қалалық қоғамдық бірлестіктер, «Зағиптар қоғамдық клубы, арнаулы кітапхана және мекемелер арасында топтық спорттан жарыс өткізілді. Жарыстың мақсаты қоғам мүшелерінің бос уақытын тиімді өткізу, салауатты өмір салтын насихаттау. Жарысқа қатысушылар қол күрес, отырып тұру, арқан тарту, дойбы ойындары арқылы күш сынасып, нәтижесінде арнаулы кітапхана 3 орынды иеленді. Шараны ҚСҚ қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Б.Байманова және кітап қорын толықтыру бөлімінің меңгерушісі А.Бекенова қорытындылап, жеңімпаздарды құттықтап, Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.