Қазақстанның халық әртісі, дирижер Н.Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ сазының сайыпқыраны» өнер сағаты.
Биыл – Қазақстанның Халық әртісі, күйші-композитор, дирижер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл. Осыған орай арнаулы кітапханада «Нұрғиса Тілендиев – қазақ сазының сайыпқыраны» атты өнер сағаты болып өтті.
Тілендиев — қазақтың ұлы күйші-композиторы, дирижері және халық музыкасының майталман шебері. Тілендиевтің шығармашылығы қазақ күй өнеріне жаңа тыныс, жаңашылдық әкелді. Оның еңбектері қазақ халқының музыкалық мәдениетінің алтын қорына айналды.
Мақсаты: Н. Тілендиевтің музыкалық шығармашылығы арқылы қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті мен өнерін қадірлеуге, жастарды ұлттық мұраны сақтап, дамытуға шақыру болып табылады.
Шарада компазитордың әніне жазылған бірнеше өлеңдер «Куә бол», «Құстар қайтып барады», «Саржайлау», «Дариға домбрамды берші маған»тағы да басқа әндері шырқалып, оқырмандар жақсы көңіл-күймен тарасты.
