Батыр ана, Социалистік Еңбек Ері Сәлима Жұмабекованың туғанына 90 жыл толуына орай «Ғасырдың батыр анасы» өнеге сағаты.
Бүгін, арнаулы кітапханада қазақ елінің мақтанышы, Социалистік Еңбек Ері, Батыр ана Сәлима Жұмабековаға арналған «Ғасырдың батыр анасы» атты өнеге сағаты өтті.
Халқымыздың мақтан тұтар аяулы қыздарының бірі – Сыр өңірінің мақтанышы, Қармақшылық күріш өсіруші диқан Сәлима Жұмабекованың есімі Республика жұртшылығына түгел танымал. Социалистік Еңбек Ері, Батыр Ана, өз заманында үлкен мәртебе саналатын Кеңес Социалистік Республикалар Одағының Халық депутаты болған қайраткер анамыздың өмір жолы – ұлтымызға өнеге, жас ұрпақ өкілдеріне тағылым мен тәрбие.
Осы ретте осындай ерен еңбек иелері – аға ұрпақтың еңбек дәстүрін жастардың санасына жеткізіп, оларды аянбай еңбек етуге тәрбиелеу.
Аңыз адамның өмір жолын, еңбек жолын кейінгілерге үлгі етіп, еңбектің қадір-қасиетін дәріптеудің, еңбек арқылы құрметке бөленген өнегелі өмір иелерін ұлықтаудың маңызы зор.
