📍 Қызылорда обл., Қызылорда қ., Жургенова к-сі, 64а ☎️ +7 (7242) 23‒37‒08 ✉️ bnsg_kizilorda@vmail.kz
Q&A
» » 26 наурыз – Арал теңізі күніне орай «Арал әуендері» жыр кеші.

26 наурыз – Арал теңізі күніне орай «Арал әуендері» жыр кеші.

Бүгін арнаулы кітапханада 26 наурыз Арал теңізі күніне орай «Арал әуендері» атты жыр кеші болып өтті. Арал теңізі кезінде планетамыздағы ең үлкен теңіз болды.  2017 жылы Қызылорда қаласында өткен Арал теңізінің тұрақты дамыту жөніндегі бірінші халықаралық форумда 26 наурыз «Арал теңізі» күні деп белгіленді. Бүкіл қазақ еліне ортақ Арал теңізі қазақ қаламгерлерінің біразының қаламына нысан болды. Шараны кітап қорын толықтыру бөлімінің меңгерушісі А. Бекенова ашып,  Т. Есмағанбетова мен М. Құлдүйсенова ақындардың қаламынан туындаған өлеңдерін оқыды. Н. Темірбай, А. Қайып, А. Нұрлиева, Ж. Сәбитұлы Арал туралы жыр термелерін орындап, әннен шашу шашты. Шараға қатысушы оқырмандарымыз А. Қалымбетов, Б. Тәженов, Қ. Кулбаев өз ойларын ортаға салып, Аралдың кемеріне келіп, ақ самал желі бетті аялаған, ел тіршілігінің қайта түлеген күні қайта оралса екен деп тарқасты.