«Бақытты балалар-бейбіт елдің тірегі» кітап көрмесі
Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық –бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз.
Келешегіміздің егесі балаларымызды –білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу, өз қолымызда. Осы мақсатта арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен «Бақытты балалар-бейбіт елдің тірегі» тақырыбында кітап көрмесі өтті.
Шараға қатысқан балаларға кітап оқудың пайдасын, тәрбиелік мәнін, кітаптың баға жетпес құндылығы жайлы түсіндірілді.
Мақсаты: Балалық шақтарын бақытты өткізуге, елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу, балалардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.
