22 наурыз мерекесіне орай «Ұлы дала елінің ұлттық ойындары» библио спорт.
Наурызнаманың онкүндігіне сәйкес, бүгін 20 наурыз — ұлттық спорт түрлері насихатталатын күн. Ұлттық спорт түрлері — рухты көтеретін ойындар. Ежелден келе жатқан салт-дәстүр мен ойын түрлерін ұлықтап, болашаққа үлгі еткеніміз жөн.
Қазақтың ұлттық ойындары – ұлтымыздың құнды мұрасы. Ұлттық спорт түрлері сонау заманда қалыптасып, әлі күнге дейін өз құндылығын жоғалтпаған.
Бүгін атаулы күнге орай, арнаулы кітапхана мен ҚСҚ клубының бірлесіп ұйымдастыруымен «Ұлтымның ұлықталар ұлылығы» атты зағип жандардың арасында дойбыдан жарыс өтті.
Мақсаты: Ұлттық ойындар арқылы оқырмандардың салт дәстүрге деген қызығушылығын оята отырып, қазақтың әдет-ғұрпын, туған елге, жерге, деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Сайысты Қазақ Соқырлар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Б.Байманова және арнаулы кітапхана басшысы Б.Арысбаев ашып, мүмкіндігі шектеулі жандардың бос уақытын тиімді пайдаланып, спортпен ұдайы шұғылдануға шақырды.
Шара соңында сайысқа қатысып, белсенділік танытқан қатысушыларды Алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табысталды.
